Зарина Дияс Қытайдағы жарыстың 1/4 финалында сүрінді

Зарина Дияс Қытайдағы жарыстың 1/4 финалында сүрінді

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Шэньчжэн қаласында өтіп жатқан WTA турнирінде 1/4 финалдан әрі аса алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалға шығу үшін таласта Заринаның жолына испан теннисшісі Гарбина Мугурус кедергі болды. 2 сағат 10 минутқа созылған матч 4:6, 6:2, 4:6 есептерімен қарсыластың пайдасына аяқталды. 

Айта кетейік, 1/8 финалда Дияс ресейлік Анна Блинкованы ұтқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или