Юрий Щукин ұлттық құраманың бас бапкері атанды

Юрий Щукин ұлттық құраманың бас бапкері атанды

Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың шешімімен ұлттық құрама бапкері ретінде Юрий Щукин тағайындалды. 

Соңғы алты жыл ішінде федерация құрамында аға бапкер болған Юрий Щукин, жұптасып өнер көрсетуге көбірек көңіл бөліп, Александр Недовесов және Андрей Голубев жұбын жаттықтырған. 

Команданың бұрынғы капитаны Диас Досқараев 2012 жылдан бері ұлттық құрама тізгінін ұстаған болатын. 

Юрий Щукиннің капитан ретіндегі алғашқы ресми кездесуі 6 және 7 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында Дэвис кубогы аясында Нидерландия құрамасына қарсы ойын болмақ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или