Бокс

DAZN Головкинді «Канелоның» ықтимал қарсыластарының қатарына қосты

DAZN Головкинді «Канелоның» ықтимал қарсыластарының қатарына қосты
news-banner7
mobile-news-top

DAZN компаниясы твиттердегі ресми парақшасында мексикалық Сауль Альварестің келесі қарсыласы болуы мүмкін 9 боксшының есімін атады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл тізімге үш салмақ категориясындағы үздік боксшылар еніп отыр.

Орта салмақ санатында «Канело» WBC Franchise және WBA Super тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Бұл салмақтағы оның ықтимал қарсыластыры: WBC чемпионы Джермалл Чарло, IBF чемпионы Геннадий Головкин және WBO чемпионы Деметриус Андраде болып отыр.

Ал екінші орта салмақта Альварес WBA тұжырымы бойынша тұрақты әлем чемпионы атағына ие. Бұл салмақта ол Давид Бенавидес (WBC), Калеб Плант (IBF), Билли Джо Сондерс (WBO) және Каллум Смит (WBA) сынды боксшылармен кездесуі мүмкін.

DAZN сонымен қатар, «Канелоның» жартылай ауыр салмақта ресейлік қос боксшы Дмитрий Бивол (WBA) және Артур Бетербиевпен (WBC/IBF) жекпе-жек өткізгенін қалайды.

Ковалевпен жекпе-жек «Канело» үшін тиімсіз болды



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер