Бокс

Ковалевпен жекпе-жек «Канело» үшін тиімсіз болды

Ковалевпен жекпе-жек «Канело» үшін тиімсіз болды
news-banner7
mobile-news-top

Невада спорт комиссиясы мексикалық Сауль Альварес пен ресейлік Сергей Ковалевтің қатысуымен өткен бокс кеші жайлы мәліметтерді жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Ресми мәлімет бойынша, жартылай ауыр салмақ санатындағы WBO белдігі үшін өткен жекпе-жекте 10005 билет сатылып, 8,173 миллион доллар пайда түскен.

Әлем чемпионы атағы үшін екі салмақ дәрежесі жоғары көтерілген «Канелоның» тарихи жетістігіне қарамастан, бұл жекпе-жекті тиімсіз болды деп бағалауға негіз бар. Себебі, «Канело» Головкин және Джейкобспен болған кездесулерде бұдан көбірек пайда тапқан еді.

Мәселен Даниэль Джейкобспен болған жекпе-жекте Альварес бұл жолғыдан 500 мың доллар артық пайда тапқан. Ал қазақстандық Геннадий Головкинмен болған екі жекпе-жекте мексикалық 16,3 (екінші жекпе-жек) және 19 миллион доллардан (бірінші жекпе-жектен) пайда тапқан.

Головкин және өзге 4 боксшы. «Канелоның» келесі қарсыласы кім

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер