Қазақстандық теннисші Германия ашық чемпионатына қатысты
<span>Бременде үстел теннисінен Германияның ашық чемпионаты өтіп жатыр. Ашық чемпионатқа Қазақстан спортшысы Кирилл Герасименко қатысты. </span>
<span>Жарыстың 1/16 финалында ол төрт дүркін Еуропа чемпионы Патрик Францискамен кездесті. Кездесу 0:4 есебімен Патриктің еншісіне шешілді. </span>
<span>Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко жарыста үш қарсыласын жеңіп, жақсы өнер көрсетті. Бірінші айналымда Пуэрто-Риколық Даниел Гонсалесті 4:0, кейін АҚШ спортшысы Джа Канакты 4:0, үшінші кездесуінде бразилиялық Тьяго Монтейроны 4:1 есебімен ұтқан болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или