Деревянченко: Бүкіл әлем куә, жеңіс менікі еді

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңілгеннен кейін жекпе-жек жайлы өз пікірімен бөлісті, деп жазады Prosports.kz.
- Жеңіс менікі болғанын іштей сезіп тұрмын. Жеңісіме <span>«Мэдисон Сквер Гарден» куә. Тіпті, бүкіл әлем куә. Бірақ, кеше түсініксіз жағдай орын алды. Мені қолдаған барша жандарға рахмет! - деп жазды Сергей инстаграмдағы жеке парақшасында. </span>
<span>Еске салсақ, Деревянченко Нью-Йорк қаласында өткен жекпе-жекте Головкиннен төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын. GGG жекпе-жектен кейін қос белбеуді беліне байлады. Жеңісінен кейін Гена қарсыласымен реванш өткізуге дайын екенін мәлімдеген еді. </span>
Головкин - Деревянченко жекпе-жегінің толық бейненұсқасы
Головкин мен Деревянченко тез арада ауруханаға жеткізілді
Деревянченконың промоутері: Кімнің жеңіске жеткенін жақсы білемін