Деревянченконың промоутері: Кімнің жеңіске жеткенін жақсы білемін

Деревянченконың промоутері: Кімнің жеңіске жеткенін жақсы білемін

Украиналық боксшы Сергей Деревянченконың промоутері Лу ДиБелла украиналық пен Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

ДиБелланың айтуынша төрешілер шешімі әділ емес.

«Сергей бет аузы қан-жоса болса да, 12 раунд бойынша Головкинді соққының астына алды. Жақсы жұмыс істеген катменнің еңбегін атап өту керек.

Жекпе-жек нәтижесін ойласам, өзімді жаман сезініп қаламын. «Ұрлады» деген сөзді пайдаланғым келіп тұрған жоқ, алайда мен кімнің жеңіске жеткенін жақсы білемін», деді белгілі промоутер.

Еске сала кетейік, бүгін, 6 қазанда Нью Йоркте Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасып, 12 раундқа созылған жекпе-жекте жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или