Бокс

Головкин IBF және IBO белбеулерін қайтарып алды

Головкин IBF және IBO белбеулерін қайтарып алды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аталған жекпе-жекте ота салмақ санатында IBF және IBO титулдары сарапқа салынды.

Жекпе-жек бірінші раундында украиналық боксшы нокдаунға түсіп қалды. Қабағы жыртылған Сергей айқасты жалғастыра алды.

12 раундқа созылған жекпе-жек қазақстандық боксшының пайдасына шешілді. Головкин төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері IBF және IBO тұжырымдарының белдігін қайтарып алды.

Еске сала кетейік, бұл кеште тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов америкалық боксшы Эндрю Хернандеске (20-7-2, 9КО) қарсы шаршы алаңға шығып, қарсыласын 30 секундта нокаутқа жіберді.

Көзді ашып-жұмғанша. Әли Ахмедовтың нокаутынан видео

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер