Путинцева мен Бублик US Open турнирінің үшінші айналымына шықты
Қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Александр Бублик US Open турнирінің үшінші айналымына шықты.
Дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған Ю.Путинцева екінші айналымда Беларусь елінің өкілі, әлемнің 13-інші, осы доданың 9-ракеткасы Арина Соболенкомен кездесті. Қазақстандық теннисші 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 54минутқа созылды.
Ю.Путинцева үшінші айналымда әлемнің 23-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичпен күш сынасады.
Рейтингте 75-сатыда тұрған А.Бублик екінші айналымда әлемнің 87-ракеткасы, италиялық Томас Фаббианомен шеберлік байқасты. Бұған дейін қарсыластар бір рет өзара жолығысып, онда италиялық спортшы басым түскен еді. Бірінші айналымда әлемнің 4-ракеткасы, аустриялық Доминик Тимді ұтып кеткен Т. Фаббиано осал емес-ті. Үш сағат 44 минутқа созылған матч аса тартысты өтіп, А.Бублик бастапқы екі сетте қарсыласына 6:7(3:7), 5:7 есебімен есе жібергенімен, қалған үшеуінде таразы басын аудара білді– 6:4, 6:3, 6:3.
А.Бублик үшінші айналымда әлемнің 70-ракеткасы, испаниялық Пабло Андухармен кортқа шығады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Михаил Кукушкин үшінші айналымға шыға алмады. Ол рейтингте 105-орында тұрған аустралиялық 20 жасар Алексей Попыриннен 6:2, 5:7, 3:6, 2:6 есебімен ұтылып қалды. Бірінші айналымда әлемнің 10-ракеткасы, испаниялық Роберто Баутиста-Агутты тізе бүктірген М.Кукушкин өткен жылы осы жарыстың үшінші айналымына дейін барса, биыл соған жете алмай қалды.