US Open: Бес спортшымыз бақ сынайды

US Open: Бес спортшымыз бақ сынайды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз іріктеу кезеңінің соңғы турында Аустралия спортшысы Лизетт Карбераны жеңді. Есеп - 7:6(7:5), 6:3.

Осылайша, US Open турнирінің негізгі кезеңінде бес теннисшіміз бақ сынайтын болды. Олар - Михаил Кукушкин, Александр Бублик, Зарина Дияс, Юлия Путинцева және Рыбакина.

Айта кетейік, Негізгі турнир 26 тамыз, дүйсенбіде басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или