Футбол деген бір ғажап!

Бауыржан Исламхан: Жеңілмейтін команда жоқ

Бауыржан Исламхан: Жеңілмейтін команда жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Премьер лигасының 15-ші туры аясында өткен «Қайрат» — «Жетісу» (0:0) матчынан кейін алматылық команданың капитаны Бауыржан Исламхан Prosports.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берді.

— Бүгінгі кездесу жайлы не айтасыз?

— Бүгін нашар ойын өткіздік деп есептеймін. Өз алаңымызда ұпай жоғалытқанымыз өкінішті.

— Еуропа лигасындағы қарсыластарыңыз «Широки Бриегті» ұтуға мүмкіндік бар ма?

— «Широки Бриег» жақсы команда. Бірақ ұтылмайтын команда жоқ. Өз деңгейімізде өнер көрсетсек өтуге болады деп ойлаймын.

— Бұл команда кезінде «Ордабасыны» жеңіп кеткен еді…

— Онда тұрған ештеңе жоқ. Кезінде біз де «Црвена звезда» секілді мықты командаларды жарыс жолынан шығарып тастағамыз.

— Рақмет!

Айта кетейік, «Қайрат» ел чемпионатында 16 ойыннан кейін 29 ұпай жинап, турнирлік кестеде төртінші орында тұр. Ал Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің алғашқы турында босниялық «Широки Бриегпен» кездеседі. Егер бұл командадан өтсе, екінші айналымда «Лачи» (Албания) — «Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль) жұбының жеңімпазымен жолығады.

ҚПЛ. «Тобыл» алтынның иісін сезді

Еуропа лигасы. Іріктеудегі алғашқы қарсыластар

Қазақстандық клубтар еурододаның екінші кезеңінде кіммен ойнайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер