Қазақстандық клубтар еурододаның екінші кезеңінде кіммен ойнайды?

Қазақстандық клубтар еурододаның екінші кезеңінде кіммен ойнайды?
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін қазақстандық клубтардың Чемпиондар және Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды.

Елордалық «Астана» Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне өтсе «Маккаби» (Тель-Авив) командасына қарсылас атанады. Егер алғашқы кезеңде румыниялық «ЧФР Клуждан» өте алмаса, Еуропа лигасында «Тре Пенне» (Сан-Марино) / «ФК Санта-Колома» (Андорра) / «Фероникели» (Косово) / «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) командаларының үздігімен кездеседі.

Алматылық «Қайраттың» Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде босниялық «Широки Бриегті» жеңсе, келесі кезеңде «Лачи» (Албания) — «Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль) жұбының жеңімпазымен жолығады.

Грузияның «Торпедосына» қарсылас атанған шымкенттік «Ордабасының» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Младо Болеслав» (Чехия) командасымен күш сынасады.

«Тобыл» алғашқы турда Люксембургтың «Женесс» командасынан баым болса, келесі кезеңде португалиялық «Витория» клубына қарсылас болады.

Еуропа лигасы. Іріктеудегі алғашқы қарсыластар

«Челсимен» тең түсіп, «Баварияға» 2 гол соққан. ЧФР қандай клуб?

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер