«Астананың» шетелдік футболшылары қанша жалақы алады?

«Астананың» шетелдік футболшылары қанша жалақы алады?
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» бұрынғы ойыншысы Аздрен Ллулаку румыниялық ProSport басылымына берген сұқбатында елордалық командадағы жалақы мен сыйақы жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақтар шетелдік ойыншыларға 60 мың еуро айлық төлеуге әзір. Чемпиондар лигасындағы сыйақылары да жоғары. Олар 30-40-60 мың еуро төлейді. Чемпиондар лигасының тобына шыққаны үшін әр ойыншыға 100 000 еуро сыйақы береді. Тең ойын үшін 5 000, жеңіске жетсе 15 000 еуро төлейтін, - дейді Ллулаку.

Айта кетейік, Аздрен Ллулаку «Астананың» сапында 2017 жылы өнер көрсеткен. Елордалық ұжым УЕФА Чемпиондар Лигасы алғашқы іріктеу кезеңінде Румынияның төрт дүркін чемпиондары «ЧФР Клуж» командасына қарсы ойнайды.

«Челсимен» тең түсіп, «Баварияға» 2 гол соққан. ЧФР қандай клуб?

Қазақстандық клубтар еурододаның екінші кезеңінде кіммен ойнайды?

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер