Футзал

«Қайрат» кәрі құрлықта көш бастады

«Қайрат» кәрі құрлықта көш бастады
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан клубтар арасындағы жаңартылған рейтингте алматылық «Қайрат» бірінші орында тұр.

Рейтингтің өткен нұсқасында испаниялық «Интер Мовистар» бәрінен жоғары тұрған еді. Алайда, мадридтік команда Алматыда өткен Төрттік финалда екі матчта да сәтсіз өнер көрсеткен болатын. «Қайрат» болса бұл турнирдің финалына шыққан еді.

Сондай ақ, «Интер» испан чемпионатында да бар болғаны төртінші орынға тұрақтады.

«Қайрат» футзал клубының еншісінде енді 990 ұпай. Екінші орындағы «Интер Мовистарда» 55 ұпай кем.

Төрттік финалда осы жылы топ жарған лиисабондық «Спортинг» үшінші сатыға көтерілді.

Еуропаның жүз үздік клубының қатарында тағы екі қазақстандық клуб бар: қарағандылық «Тұлпар» 54-ші орында тұрса, «Ақтөбе» кестеде 80-ші болып жайғасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер