Путинцеваның Вашингтон турниріндегі қарсыласы анықталды

Путинцеваның Вашингтон турниріндегі қарсыласы анықталды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 53-інші ракеткасы Юлия Путинцеваның қарсыласы анықталды.

Жүлде қоры 250 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың 8-інші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 81-інші орында тұрған германиялық Татьяна Мариямен күш сынасады. Неміс теннисшісін ұтқан жағдайда америкалық Дженнифер Брэйди немесе ресейлік Наталья Вихлянцеваның біреуімен кездеседі.

Қазіргі кезде іріктеу сайысы өтіп жатқан, 30 шілдеде басталып, 5 тамызда мәреге жететін бұл турнирге әлемнің екінші ракеткасы, даниялық Каролин Возняцки бастаған теннисшілер қатысады. Аталмыш жарыс биылғы жылдағы «Үлкен дулыға» турнирінің соңғысы - US Open жарысы алдындағы дайындық сыны болып есептеледі. АҚШ-тың ашық чемпионаты 27 тамыз - 9 қыркүйек аралығында өтеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын тағы бір қазақстандық теннисші Галина В

оскобоеваның жұптық сында Мәскеу турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или