«Ролан Гаррос» турнирінде Путинцеваның қарсыласы белгілі болды

«Ролан Гаррос» турнирінде Путинцеваның қарсыласы белгілі болды

«Ролан Гаррос» турнирінде әлемнің 98-ші ракеткасы қазақстандық Юлия Путинцеваның келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

<span>Қытай елінің өкілі, әлемнің 85-ші ракеткасы Ван Цян өзінен рейтингте әлдеқайда жоғары, 35-ші сатыда тұрған хорватиялық Петра Мартичті 6:1, 6:1 есебімен оңай жеңді. Матч бір сағатқа да жетпей, 53 минутқа созылды. </span>

<span>Енді Юлия Путинцева мен Ван Цян төртінші айналымға шығу үшін өзара бәсекеге түседі. Цян өткен жылғы «Ролан Гаррос» турнирінде бірден атақты америкалық Винус Уильямсқа тап болып, алғашқы кездесуінде-ақ жеңілген болатын. Ал Путинцева үшінші айналымға дейін жеткен еді. </span>

<span>Еске сала кетейік, бұған дейін «Ролан Гаррос» турнирінде Зарина Диястың жарыс жолынан шығып қалғанын, ал Путинцеваның үшінші айналымға жолдама алғанын жазған болатынбыз.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или