Kazakh Bet

Чемпиондықтан үмітті командалар жеңісе жетеді

Чемпиондықтан үмітті командалар жеңісе жетеді
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа чемпионаттары аяқталып жатқанда Қазақстан біріншілігі енді қыза бастады. Бүгін ел Премьер-Лигасының 11-ші тур ойындары өтеді.

Қайрат - Шахтер 18:00

Чемпиондықтан үмітті Қайрат Орталық стадионда Шахтерді қабылдайды. Өткен турда Қостанайды сүрінген Карлос Феррердің ойыншылары бүгін қалай да жеңіске жетуге тырысады. Ал қарағандылық ұжым соңғы кездесулерде тәп-тәуір өнер көрсетіп, өз ойынын тапқандай. Дегенмен бүгінгі ойында алаң иелері қарсыластарына қарағанда жоғары деңгей екенін бәрі жақсы түсінеді. Қос команда арасындағы соңғы 5 ойынның төртеуінде Қайрат ірі жеңіске жеткен.

Қазіргі таңда Қайрат турнир кестесінде 2-ші, ал Шахтер 5-ші сатыда келе жатыр. Қайрат соңғы ойындарда 2-ден көп гол соғып жүр (Тобылға қарсы кездесуден бөлек). Бүгін де кем дегенде екі гол соғатынына сенеміз. Негізі Қайраттың жеңісіне бәс тігуге болады. Алайда букмекерлер бұл болжамға тым аз коэффициенттер беріп отыр.

Футбол. Қазақстан. Премьер-лига. Кайрат - Шахтер

Болжам: Қайрат 2 голдан көп соғады - 1.75

Астана - Ақтөбе 17:00

Чемпиондықтан тағы бір үміткер команда - Астана. Елордалық ұжым Астана Аренада Ақтөбені қабылдайды. Турнир көшін бастаған Астана аутсайдермен күш сынасады. Алайда Ақтөбе 11-шы сатыда әділетсіз келеді. Бұған дәлел Ақтөбенің соңғы ойындары. Ақтөбе соңғы бес ойынның бірде-біреуінде жеңіліп көрмеген. Тіпті, Астана бір мәрте ұтылып қалған болатын.

Бірақ та Григорий Бабаян Ақтөбедей командаларға қарсы ойында ұпай жоғалтпаудың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді. Сол себепті бүгін бар күшін жеңіске салмақ. Біздің болжам - Астана 1,5 доп айырмашылығымен жеңіске жетеді.

Футбол. Қазақстан. Премьер-лига. Астана - Ақтөбе

Болжам: Астана 1.5 доп айырмашылығымен жеңіске жетеді - 1.54

Матчтарды мына сілтеме бойынша көруге болады: СІЛТЕМЕ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер