Kazakh Bet

«Тараз» «Ақтөбенің» жас өрендерін оңай ұтады

«Тараз» «Ақтөбенің» жас өрендерін оңай ұтады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін футболдан Қазақстанның Бірінші Лига ойындары өтеді.

Тараз қаласында жергілікті команда ақтөбелік жас футболшыларды қабылдайды. Бұл ойында фаворит - алаң иелері. Себебі түсінікті-ақ. Өйткені Тараз өткен жылы ғана Премьер-Лигада өнер көрсеткен. Осы маусым қорытындысы бойынша жоғарғы дивизионға қайта оралғысы келеді. Оның үстіне құрамында тәжірибелі ойыншылар жетерлік. Тарихы терең, кез келген Премьер-Лиганың командаларына тойтарыс бере алатын команда. Ал Ақтөбе-Жас аты айтып тұрғандай Ақтөбе клубының екінші құрамы. Дәлірек айтқанда - дублі. Кілең жас футболшылар. Бірінші Лигада ысылып, тәжірибе жинақтап Ақтөбенің негізгі құрамына ілінуге жақын ойыншылар. Жас өрендерге Жамбылдың «қасқыр» ойыншыларына қарсы ойнау қиын болады.

Тараз жеті турдан соң 12 ұпаймен төртінші сатыға жайғасқан. Әрине, бұл орын жамбылдық ұжымды қанағаттандырмайды. Ал Ақтөбе-Жас болса 10-шы сатыда. Біздің болжам - Тараз жеңіске жету қажет және екі голдан аз соқпайтынына сенімдіміз.

12.05.2018 17:00:00 Футбол. Қазақстан. Бірінші Лига. Тараз - Ақтөбе-Жас

Болжам: Тараз бір доп айырмашылығымен жеңіске жетеді - 1.66

Мамыр айындағы Kazakh Bet болжам тобының статистикасы: 0+/0-/1+-

Өткен болжамымызда Ақтөбе Жетісуды 0 форамен жеңеді деп айтқан болатынбыз. Алайда командалар 1:1 есебімен тең түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер