Australian Open ерлер арасындағы бес сеттен тұратын форматты сақтайды

Australian Open ерлер арасындағы бес сеттен тұратын форматты сақтайды

Australian Open ұйымдастырушылары ерлер арасындағы жекелей сында бес сеттен тұратын форматты сақтауды қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Австралия теннис федерациясының басшысы Эндрю Эбдо ұзаққа созылатын бес сеттен тұратын матчтардан бас тарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынған еді.

«Алға жылжу — Australian Open ДНҚ-сының бір бөлігі. Соған қарамастан, бес сеттен тұратын матчтар бізбен бірге қалады. Жақын арада 2027 жылы турнирімізде қандай өзгерістер болатынын айтып береміз», – делінген «Үлкен дулыға» турнирінің баспасөз қызметі жариялаған жазбада.

Бұл мәселе US Open турнирінің ширек финалында Карлос Алькарас пен Бен Шелтон арасындағы матчтан кейін қайтадан өзекті бола түсті. Олардың кездесуі шамамен төрт жарым сағатқа созылып, Нью-Йорк уақытымен сағат 03:33-те аяқталған еді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или