Тоқаев Рыбакинаны құттықтады
Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.
– WTA рейтингінде бірінші орынға шығу – феноменалды талантыңыздың, орасан зор еңбегіңіздің және өзіңізге деген мызғымас сеніміңіздің арқасында бағындырған спорттағы биігіңіз. Осы тарихи жетістігіңізбен Қазақстан спортын әлемге танытып, есіміңізді әлемдік теннис шежіресіне жаздыңыз. Сіздің жүріп өткен жолыңыз еліміздің мыңдаған жас спортшысы мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған теннис жанкүйеріне үлгі болып, шабыт береді. Сондай-ақ кортта да, қоғамдық орындарда да түрлі адамдармен қарым-қатынас кезінде өзіңізді жоғары мәдениеттілікпен ұстайтыныңызды атап өткім келеді. Бұл сіздің парасатыңыз бен тәрбиелі екеніңізді айқын көрсетеді, – делінген құттықтауда.