Бублик US Open-2026 турниріндегі жарыс жолын аяқтады
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик пен қытайлық Цзюньчэн Шан АҚШ ашық чемпионатының жұптық сынынан шығу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz
Қазақстандық-қытайлық жұп келесі кезеңге жолдама үшін аргентиналық Гидо Андреоцци мен франциялық Мануэль Гинарға қарсы ойнауы керек еді.
Алайда Бублик пен Шанның кортқа шықпауына байланысты олардың қарсыластары жекпе-жексіз, автоматты түрде АҚШ ашық чемпионатының 1/8 финалына өтті.
Еске салайық, жұптық жарыстың алғашқы айналымында Александр мен Цзюньчэн бір ғана матч өткізіп, аргентиналық Себастьян Баэс пен венгриялық Фабиан Марожанды екі сетте сенімді түрде жеңген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или