Путинцева Циньвэньмен тартысты матч өткізді

Путинцева Циньвэньмен тартысты матч өткізді

АҚШ ашық чемпионатының әйелдер арасындағы жекелей сындағы екінші айналымы аясында матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 84-орын) Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен (әлемдік рейтингте 121-орын) кездесті. Қазақстандық теннисші келесі айналымға өте алмады.

Юлия алғашқы сетте жеңіліп қалғанымен, екінші партияда сенімді ойнап, есепті теңестірді. Алайда шешуші сетте қытайлық теннисші бастаманы өз қолына алып, кездесуді жеңіспен аяқтады — 4:6, 6:2, 6:1.

Матч 2 сағат 37 минутқа созылды. Кездесу барысында Путинцева 3 эйс жасап, қарсыласының добын 4 рет қайтарды және 4 рет қос қателік жіберді.

Ал Циньвэнь 9 эйс жасап, бірде-бір қос қателікке жол бермеді. Сонымен қатар Қытай өкілі 5 брейк жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или