Юлия Путинцева – Чжэн Циньвэнь. US Open-2026 матчінің тікелей трансляциясы
Бүгін, 3 қыркүйекте, Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шығу үшін таласады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисшіге WTA рейтингінде 121-орында тұрған Қытай өкілі Чжэн Циньвэнь қарсылас атанады.
Чжэн Циньвэнь – Юлия Путинцева матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады. Кездесуді мына сілтеме арқылы көруге болады.
Биылғы US Open турнирі Путинцева үшін мансабындағы 13-ші жарыс болды.
Еске салайық, Путинцева биылғы турнирді әлемнің 12-ракеткасы, Токио-2020 Олимпиада чемпионы, швейцариялық Белинда Бенчичті 4:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңіп, сенсациялық камбэкпен бастады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или