Соболенко US Open-2026 турнирінің екінші айналымында қарсыласын ойсырата жеңді

Соболенко US Open-2026 турнирінің екінші айналымында қарсыласын ойсырата жеңді

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко АҚШ ашық чемпионатында үшінші айналымға сенімді түрде өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Беларусь теннисшісі екінші айналымда WTA рейтингінде 160-орында тұрған ресейлік Полина Яценкомен кездесіп, қиындықсыз жеңіске жетті. Кездесу бір сағатқа да созылмады. 54 минутқа жалғасқан матч фавориттің 6:1, 6:1 есебіндегі ірі жеңісімен аяқталды.

Соболенко 1/8 финалға шығу үшін жуырда Өзбекстан атынан өнер көрсете бастаған Камилла Рахимовамен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или