Рыбакина US Open-2026 турниріндегі алғашқы матчында сенімді жеңіске жетті

Рыбакина US Open-2026 турниріндегі алғашқы матчында сенімді жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі өнерін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

WTA рейтингінде екінші орында тұрған қазақстандық теннисші турнирдегі алғашқы матчын 1 қыркүйекте өткізді.

Жарыстың бірінші айналымында Рыбакинаның қарсыласы АҚШ өкілі, 17 жастағы Теа Фродин болды. Америкалық теннисші әлемдік рейтингте 580-орында тұр және ұйымдастырушылардың wild card шақыртуы арқылы негізгі кезеңге жолдама алған. Қазақстандық спортшы бұл кездесуде айтарлықтай қиындыққа тап болмай, қарсыласын екі сетте — 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Бұған дейін Рыбакина мен Фродин ресми турнирлерде өзара кездесіп көрмеген.

Америкалық «Үлкен дулыға» турнирінің келесі кезеңінде Рыбакина чехиялық теннисші Дарья Видманова мен испаниялық Джессика Бузас Манейро арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или