Наоми Осака Елена Рыбакинамен матч алдында мәлімдеме жасады
Жапониялық теннисші Наоми Осака АҚШ ашық чемпионатының төртінші кезеңіндегі алдағы матчы туралы пікір білдірді. Оның қарсыласы әлемнің екінші ракеткасы, Қазақстан өкілі Елена Рыбакина болады. Әлемдік рейтингте 13-орында тұрған Осака алда өзін күрделі сынақ күтіп тұрғанын атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ол әлемдегі ең мықты теннисшілердің бірі саналады. Сондықтан кортта өзімнің бар мүмкіндігімді көрсетуім керек», — деді Осака ESPN телеарнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, 1/32 финалда Қазақстан өкілі екі сетте украиналық Юлия Стародубцеваны жеңсе, Осака бельгиялық Элизе Мертенсті турнирден шығарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или