Алькарас Поды жеңіп, US Open ширек финалына шықты

Алькарас Поды жеңіп, US Open ширек финалына шықты

US Open турнирінің қазіргі чемпионы, испаниялық теннисші Карлос Алькарас жарыстың төртінші айналымындағы кедергіден сүрінбей өтіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда әлемдік рейтингтің бұрынғы көшбасшысы америкалық Томми Поды үш сетте жеңді. Кездесу 2 сағат 23 минутқа созылып, Алькарас 6:4, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Енді америкалық «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына шығу үшін Алькарас Бен Шелтон мен Стефанос Циципастың арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или