Қазақстанның үздік жұптық теннисшісі Данилина WTA қорытынды турниріне жолдама алды

Қазақстанның үздік жұптық теннисшісі Данилина WTA қорытынды турниріне жолдама алды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина 2026 жылғы WTA қорытынды турниріне жұптық разрядта мерзімінен бұрын жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды  Prosports.kz.

Спортшы сербиялық Александра Круничпен жұп құрып, маусымның үздік сегіз дуэтінің қатарына енді. Осылайша қазақстандық-сербиялық жұп Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтетін WTA Finals турниріне қатысу құқығына ие болды.

Биылғы маусымда Данилина мен Крунич Дохадағы турнирде жеңімпаз атанып, сондай-ақ «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстарда екі рет финалға шықты.

Данилина үшін бұл WTA қорытынды турниріндегі мансабындағы екінші қатысу болмақ. Ол алғаш рет 2022 жылы аталған додада өнер көрсеткен. Ал Александра Крунич бұл беделді жарысқа алғаш рет қатысады.

Бұған дейін WTA Finals-2026 турниріне жұптық разрядта чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсенд, сондай-ақ канадалық Габриэла Дабровски мен бразилиялық Луиза Стефани жолдама алған.

Қалған төрт жолдама WTA турнирлерінің күзгі сериясының қорытындысы бойынша сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или