Бублик Дэвис кубогында Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды
Қазақстан теннис федерациясы Дэвис кубогының Таиландқа қарсы алдағы матчтарына қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесулер 18-19 қыркүйек күндері Астанада өтеді. Команда капитаны Диас Досқараев Дэвис кубогының II тобы аясындағы матчтарға Александр Шевченко, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Бейбіт Жұқаев және Әмір Омархановты шақырды.
Құрама сапында жекелей және жұптық рейтингте Қазақстанның алғашқы нөмірлері саналатын Александр Бублик пен Григорий Ломакин болмайды.
Таиланд құрамасында рейтингі ең жоғары теннисші – Касидит Самрей (әлемнің 486-ракеткасы). Ал жұптық сында Пручья Исаро (әлемде 95-орын) ерекшеленеді. Таиланд сапында барлығы бес ойыншы өнер көрсетеді.
Кездесу төрт жекелей және бір жұптық матчтан тұрады. Бес ойынның үшеуінде жеңіске жеткен команда жеңімпаз атанады.