Олимпиада ойындарының алауы жағылды

Грекиядағы Гера ғибадатханасында 2016 жылғы Рио Олимпиадасының алауы жағылды, деп хабарлайды 24.kz.

Салтанатты рәсімнен кейін эстафета бастауын алды. Дәстүр бойынша алаумен бірінші болып грек спортшысы жүгіріп өтуі тиіс. Бұл құрмет спорттық гимнастикадан 2015 жылдың әлем чемпионы Элефтериоска бұйырып отыр. Осы рәсімге Эллада елінде жүрген босқындардың бірі де қатыспақ. Айта кеткен жөн, 4 жылда бір келетін дүбірлі дода биыл Бразилияда 5-21 тамыз күндері өтеді. Мұнда алау эстафетасы ел астанасы Бразилиада 3 мамырда басталып, 5 тамызда Рио-де-Жанейрода аяқталуы тиіс. Оған бас-аяғы 12 мың адам қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или