ҚР Ұлттық банкі Астанада өтетін бокстан ӘЧ-ге арнап ескерткіш монеталар шығарды

ҚР Ұлттық банкі Астанада өтетін бокстан ӘЧ-ге арнап ескерткіш монеталар шығарды

ҚР Ұлттық банкі Астанада өтетін әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатына арнап ескерткіш монеталар шығарды.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, «Рroоf» сапалы күміс монеталардың номиналдық құны 100 теңге, Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігінде ұлттық ою-өрнек аясында монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 24 g» деген жазу, сондай-ақ Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаның төменгі бөлігінде стадионның сәндендірілген бейнесінің және мемлекеттік тілдегі «Қазақстан Республикасы» деген жазудың қоршауында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, соғылған жылын білдіретін «2016» деген жазу бейнеленген. Бейнелер мен жазулар бедерленген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) Астана қаласында өткізілетін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ресми эмблемасы бейнеленген. Бояуы тампомөр технологиясы арқылы берілген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Номиналдық құны 100 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Монеталардың 1000 дана таралымын Қазақстан бокс федерациясы сатып алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или