Ұлттық ойындар мектеп бағдарламасына енеді

Ұлттық ойындар мектеп бағдарламасына енеді

Оңтүстік Қазақстан облысында ұлттық ойындар мектеп бағдарламасына енеді. Бұл жөнінде бүгін облыстық білім басқармасына қарасты Аймақтық оқу-практикалық дене тәрбиесі орталығының басшысы Жәнібек Ілебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Орталық басшысының айтуынша, жобаға сәйкес алдағы оқу жылында дене шынықтыру сабағы бағдарламасына ұлттық ойындар сағаты енгізілмек. Ол өскелең ұрпақтың саулығын жақсартып, ұлттық ойындарды да біліп өсуіне септігін тигізеді.

«Әр сыныпта 9 айдың ішінде кемінде 102 дене шынықтыру сабағы бар, қазір оның 50 пайызын ұлттық ойындарға бөлу қажеттілігі туындап отыр. Бұған ел аумағындағы спорттық сайыстарда ұлттық ойындар санының артуы себеп. Сондықтан біз ұлттық ойындардың қай түрін қосу туралы алдын ала бағдарлама жасап, жоспарға енгізетін боламыз», - деді Жәнібек Ілебаев.

Бұдан бөлек сала мамандары ұлттық ойындарды халықаралық деңгейде дамыту жолдарын да сөз етті. Спорттық жетістікке жететін жас спортшыларды тәрбиелеу үшін қазір білім саласының мамандары жүйелі жоспар түзуге кірісіпті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или