Қазақстандық мергендер Азия ойындарында жүлдегер атанды

Қазақстандық мергендер Азия ойындарында жүлдегер атанды

Қазақстанның стенд атудан ұлттық құрамасы Азия ойындарындағы жүлде қоржынына кезекті медальді қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Трап» бағдарламасының командалық бәсекесінде Даниил Почивалов, Алишер Айсалбаев және Марк Почивалов 348 ұпай жинап, жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды.

Бұл дисциплинада Кувейт құрамасы 355 ұпаймен жеңімпаз атанды. Ал күміс жүлде 349 ұпай жинаған Катар құрамасына бұйырды. Катарлықтар Қазақстан құрамасынан небәрі бір ұпайға озып кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или