Қазақстандық синхронды жүзушілер мен Виктор Друзин Азия ойындарының жүлдегері атанды

Қазақстандық синхронды жүзушілер мен Виктор Друзин Азия ойындарының жүлдегері атанды

Қазақстанның көркем жүзуден ұлттық құрамасы 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аралас командалар арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы өнерінің техникалық күрделілігі мен шеберлігін көрсетіп, 216,7961 ұпай жинады. Бұл нәтиже отандастарымызға жарыстың қола жүлдесіне ие болуға мүмкіндік берді.

Жарыстың алтын медалін 299,2117 ұпай жинаған Қытай құрамасы жеңіп алды. Күміс жүлде 286,2688 ұпай еншілеген жарыс қожайындары — Жапония құрамасына бұйырды.

Қазақстан құрамасының сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Айгерім Құрманғалиева, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Ясмин Туякова, Даяна Джаманчалова және Жаклин Якимова қола медаль иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или