Ислам Сәтпаев Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Ислам Сәтпаев Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Ислам Сәтпаев Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасына оқ атудан алғашқы медальді сыйлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ислам 50 метр қашықтықтан мылтықпен үш қалыпта ату бойынша жекелей сында бақ сынады.

Қазақстандық спортшы финалда 348,3 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Алтын медальді 360,5 ұпаймен Қытай өкілі Чжан Чанхун жеңіп алды. Күміс жүлде оның отандасы Лю Юйкуньге бұйырды – 360,2 ұпай.

Осылайша, Сәтпаев екі мәрте Азия ойындарының жүлдегері атанып отыр. 2022 жылы Ханчжоуда ол Александра Ле екеуі 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен атудағы аралас жұптар сайысында қола медаль жеңіп алған.

Сондай-ақ бұл жұп 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында дәл осы дисциплинада қола жүлдеге ие болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или