Қазақстандық байдаркашылар Азия ойындарында күміс медаль алды
Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкаядан құралған қазақстандық байдарка-екілік Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
500 метр қашықтықтағы финалдық жарыста отандастарымыз 1:48.140 нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды.
Алтын медаль Қытай құрамасының спортшыларына (1:45.010) бұйырса, Өзбекстан экипажы 1:49.585 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или