Қазақстандық байдаркашылар Азия ойындарында күміс медаль алды

Қазақстандық байдаркашылар Азия ойындарында күміс медаль алды

Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкаядан құралған қазақстандық байдарка-екілік Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

500 метр қашықтықтағы финалдық жарыста отандастарымыз 1:48.140 нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды.

Алтын медаль Қытай құрамасының спортшыларына (1:45.010) бұйырса, Өзбекстан экипажы 1:49.585 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или