Әсем Орынбай Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы Әсем Орынбай Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында ел қоржынына қола медаль салды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Скит» бағдарламасындағы жекелей сайыстың шешуші кезеңінде Әсем 28 нысананы дәл көздеп, үшінші орынға ие болды. Одан тек Қытай мен Таиланд спортшылары озып, сәйкесінше 35 және 31 ұпай жинады.
Қазақстанның тағы бір өкілі Зоя Пискун да финалға жолдама алып, 18 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады.
Бұл Әсем Орынбайдың Азия ойындарындағы бесінші жүлдесі. Ханчжоудағы алдыңғы додада ол екі алтын және бір қола медаль жеңіп алған.
Айта кетейік , Әсемнің қоржынында Азия чемпионы атағы мен әлем чемпионатының қола медалі бар. Сонымен қатар Орынбай Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиадаларына қатысқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или