Валерия Попелова Азия ойындарының финалына шықты
Қазақстандық спортшы Валерия Попелова іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында оқ атудан финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Попелова 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату бағдарламасында бақ сынады. Қажетті ұпайды жинаған қазақстандық спортшы үздік сегіздіктің қатарына еніп, финалдық кезеңге жолдама алды.
Іріктеу кезеңінде Оңтүстік Корея өкілі Чу Га Ын көш бастады.
Қазақстанның тағы екі спортшысы — Нина Старова мен Сауле Алимбек жарысты сәйкесінше 43-ші және 48-ші орындарда аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или