Қазақстан Азия ойындарында үздік үштікке енді

Қазақстан Азия ойындарында үздік үштікке енді

Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының медальдар кестесіндегі жағдайын жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы жарыстардың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар төртінші орыннан үшінші орынға көтерілді.

Қазір ұлттық құраманың еншісінде 12 медаль бар: алты алтын, бір күміс және бес қола. Қазақстаннан жоғары тұрған Қытай мен Жапония құрамалары ғана.

Қытай құрамасы медальдар кестесінде сенімді түрде көш бастап келеді. Қытай спортшылары 29 алтын, 12 күміс және жеті қола медаль жеңіп алған.

Жарыс қожайындары Жапония екінші орында. Олардың еншісінде 9 алтын, 14 күміс және 15 қола медаль бар.

Төртінші орында Оңтүстік Корея тұр. Кореялық спортшылар бес алтын, төрт күміс және 15 қола медаль иеленген.

2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Нагоя қаласы мен Айти префектурасында өтіп жатыр. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі 19 қыркүйекте өтті. Ал жарыс 4 қазанда аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или