Дана Уайт Царукянның Гэтжиге қарсы жекпе-жектегі мүмкіндігі туралы пікір білдірді

Дана Уайт Царукянның Гэтжиге қарсы жекпе-жектегі мүмкіндігі туралы пікір білдірді

UFC президенті Дана Уайт UFC 331 турнирінде өнер көрсеткен Арман Царукянның жекпе-жегіне баға беріп, мансабындағы қиын кезеңнен кейінгі оралуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Царукян кештің қосалқы басты жекпе-жегінде Маурисио Руффиге қарсы октагонға шықты. Армян файтері қарсыласын локтемен дәл ұрып, жекпе-жекті нокаутпен мерзімінен бұрын аяқтады.

Жеңістен кейін Царукян жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион Джастин Гэтжимен кездескісі келетінін айтты. Алайда Уайт файтердің келесі қарсыласы чемпион болатынын әзірге растаған жоқ.

UFC басшысы бұған дейін Царукянның мінез-құлқына байланысты мәселелер болғанын еске салды. Атап айтқанда, файтер 2025 жылдың қаңтарында Ислам Махачевке қарсы жоспарланған титулдық жекпе-жекке шығудан бас тартқан. Сонымен қатар, Царукян UFC шараларында бірнеше рет жанжалға қатысты.

Дегенмен, бұл жолғы өнері Уайттың файтерге деген көзқарасын өзгерткен. Промоушен басшысы Царукянның керемет камбэк жасағанын ерекше атап өтті.

«Өздеріңіз білесіздер, оның түрлі ақымақ әрекеттерін бірнеше рет айтып жүрдім. Бірақ бір нәрсені мойындау керек. Сен қателестің. Содан кейін қайта оралып, бәрін дұрыс жасай бастадың. Оның істегендерінен кейін бұдан жақсы камбэкті елестету мүмкін емес», — деді Уайт.

UFC басшысы Руффиге қарсы жекпе-жектің шешуші сәтіне де тоқталды. Ол бірінші раунд барысында Царукян үшін жекпе-жек қиын өтуі мүмкін деп ойлағанын айтты.

«Октагонға шығып, осындай өнер көрсету... Бірінші раундтың соңында оның жекпе-жегі қиын болады деп ойладым. Сосын — БУМ! — локтемен дәл соққы жасады. Бұл жай ғана керемет!» — деп қосты Уайт.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или