Қазақстан гимнастикадан Азия ойындарының екі бірдей финалына жолдама алды
Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы біліктілік кезеңін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан сапында Нариман Құрбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Нұртан Ыдырысов және Ильяс Әзизов өнер көрсетті.
Іріктеу қорытындысы бойынша Милад Карими еркін жаттығу бойынша финалға жолдама алды. Бұл жаттығуда қазақстандық гимнаст 13,833 ұпай жинады.
Қазақстан құрамасы командалық көпсайыста да финалға шықты. Спортшыларымыз 237,829 ұпай жинап, іріктеу кезеңін төртінші орында аяқтады.
Жеке көпсайыста Қазақстан құрамасының үздігі Нұртан Ыдырысов 9-орынға ие болды. Ильяс Әзизов 13-орыннан көрінді.
Көпсайыста алтын медальді Қытай өкілі Чжан Бохэн жеңіп алды. Күміс жапониялық Синносукэ Океге бұйырса, оның отандасы Дайки Хасимото қола жүлдеге ие болды.
Қазақстандық гимнасшылар қалған жекелеген жаттығуларда финалға шыға алмады.
Іріктеу нәтижесі бойынша жекелеген снарядтардағы финалистер мен медаль үшін күресті жалғастыратын командалар анықталды. Әр жаттығуда үздік сегіз гимнаст финалға өтеді. Бұл ретте бір елден екі спортшыдан артық қатыса алмайды.
Ерлер арасындағы командалық финал 23 қыркүйекте өтеді.