Қазақстан құрамасы Азия-2026 ойындарында қатарынан екінші рет жеңілді

Қазақстан құрамасы Азия-2026 ойындарында қатарынан екінші рет жеңілді

Қазақстанның допты хоккейден әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қатарынан екінші рет жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

А тобындағы екінші турда ұлттық құрама Оңтүстік Кореямен кездесті. Какамигахара қаласында өткен матч қазақстандықтардың 0:7 есебімен жеңіліспен аяқталды.

Қазақстан құрамасы әзірге бірде-бір гол соға алған жоқ және  команда топта бесінші орында тұр. Қазақстандықтар қосымша көрсеткіштер бойынша ғана Бангладештен жоғары орналасқан.

Алда Қазақстан құрамасын Қытай Тайбэйі, Бангладеш және Қытай командаларына қарсы матчтар күтіп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или