Қазақстанды Азиада-2026 бессайыс финалында төрт спортшы таныстырады
Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX Азия ойындарында қазіргі бессайыстан ерлер арасындағы жарыстың финалдық кезеңіне қатысушылар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, В тобындағы жартылай финалда Қазақстан сапынан Кирилл Стадник пен Лев Чувашов өнер көрсетті. Екі спортшы да іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, жарыстың шешуші кезеңіне жолдама алды.
Қазақстандық бессайысшылар арасында ең үздік нәтижені Лев Чувашов көрсетті. Ол барлық кезеңнің қорытындысы бойынша 1520 ұпай жинап, жартылай финалда бесінші орын алды. Ал Кирилл Стадник 1486 ұпаймен сегізінші орынға тұрақтап, медаль үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік алды.
Осылайша, финалда Қазақстан атынан төрт спортшы өнер көрсетеді. Стадник пен Чувашовтан бөлек, бұған дейін Темірлан Абдраимов пен Тихон Варехин де шешуші кезеңге жолдама алған болатын.
Қазіргі бессайыстан ерлер арасындағы жарыстың финалдық кезеңі 20 қыркүйекке жоспарланған. Дәл осы күні XX Азия ойындарының жүлдегерлері анықталады.