Қазақстандық боксшы жаңа қарсыласының есімін білді
Қазақстандық жеңіл салмақтағы боксшы Саматәлі Төлтаев (7-0, 4 КО) 25 шілдеде Алматыда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін Akhmedov Promotions ұйымдастыратын турнир аясында филиппиндік Гэри Тамайомен (11-4-1, 5 КО) қолғап түйістіреді. Бұл жекпе-жекті ұйымдастырушылар ресми түрде жариялады.
Саматәлі Төлтаев соңғы кездесуін 4 сәуірде Таиландтың Бангкок қаласында өткізіп, вьетнамдық Хонг Куан Диньді алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.
Ал Гэри Тамайо соңғы рет былтыр желтоқсанда Жапонияның Осака қаласында шаршы алаңға шығып, жергілікті боксшы Юна Харамен тең түскен еді.
Әлем кубогы: Чемпиондар елге оралды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или