Семсерлесушілер қола жүлде жеңіп алды
Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы шпагамен сайыста қола медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшылар жарыс барысында Таиланд пен Жапония құрамаларын жеңіп, жартылай финалға дейін жетті. Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде олар Оңтүстік Корея құрамасына 29:45 есебімен есе жіберді.
Құрама сапында Ирина Бакалдина, Дарья Самоделкина, Владислава Андреева және София Николайчук өнер көрсетті.
Айта кетелік, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын бес медальмен аяқтады. Ирина Бакалдина жеке сында алтын медаль жеңіп алса, Руслан Курбанов қола жүлдегер атанды. Ерлер құрамасы командалық шпага сайысында чемпион атанса, командалық семсер сайысында қола медаль иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или