Рахмоновпен жұдырықтасқан файтер Махачевпен өтетін жекпе-жек туралы пікір білдірді

Рахмоновпен жұдырықтасқан файтер Махачевпен өтетін жекпе-жек туралы пікір білдірді

Ирландиялық UFC файтері Иэн Мачадо Гэрри алдағы Ислам Махачевке қарсы жекпе-жек туралы ойын айтып, қарсыласын жеңуге толық сенімді екенін жеткізді, деп хабаолайды Prosports.kz.

Спортшының айтуынша, Махачевтің айтарлықтай әлсіз тұстары жоқ, алайда ол өз қарсыластарымен салыстырғанда бойы ұзын, жылдам әрі қашықтықты жақсы басқара алатын файтер екенін атап өтті. Сонымен қатар Гэрри өзінің қорғанысы мен бокс деңгейіне сенетінін айтты.

Ол егер Махачев оны партерге түсірсе де, қайта тұрып кетіп, қарсыласты өз аймағында жеңуге дайын екенін жеткізді. Гэрри чемпиондық белбеуді тартып алатынын және Махачевтің жеңіс сериясын тоқтатуға ниетті екенін мәлімдеді.

Айта кетелік, Иэн Мачадо Гэрри қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың өзі аяғына дейін қарсы тұра алмаған жалғыз қарсыластардың бірі.







Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или