Джастин Гэтжи жыл аяғына дейін үзіліс алатынын айтты
UFC ұйымының жеңіл салмақтағы жаңа чемпионы Джастин Гэтжи биыл жекпе-жек өткізбеуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Америкалық спортшы Ақ үйде өткен турнирдің басты кездесуінде Илия Топурияны жеңіп, чемпион атанған болатын. Бұған дейін Гэтжи Пэдди Пимблетті төрешілер шешімімен жеңген, ал Топурияны берілуге мәжбүр етті. Демек биыл ол екі жекпе-жек өткізді.
Файтер бір жылда екі рет октагонға шығу ол үшін сирек кездесетін жағдай екенін айтады. Сондықтан қазір ол үзіліс алып, ауыр маусымнан кейін қалпына келуді жоспарлап отыр.
«Биыл екі жекпе-жек өткіздім. Әдетте бір жылда екі рет октагонға шығу мен үшін сирек кездеседі. Сондықтан биыл тағы да жекпе-жек өткізу ықтималдығы өте төмен», – деп келтіреді Гэтжидің сөзін MMAFighting.
Дияр Нұрғожай тамызда октагонға оралады
Эмеев: Иэн Гэрридің бойы ұзын болғанымен, күрес жағынан әлсіз
Қазақстандық спортшы өзбек файтерінен төрешілер шешімімен жеңіліп қалды