Эмеев: Иэн Гэрридің бойы ұзын болғанымен, күрес жағынан әлсіз
UFC-де жартылай орта салмақтағы чемпион Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегі алдында оған қатысты сенімді болжам жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресейлік файтер Рамазан Эмеев оның жеңіске жету мүмкіндігін жоғары бағалады.
Маманның айтуынша, Махачев тактикасы өте мықты, әр секундты есеппен өткізетін ақылды спортшы. Ол Хабиб Нурмагомедов сияқты жекпе-жекке үлкен дайындықпен шығатынын атап өтті.
Эмеев Иэн Гэрридің бойы ұзын болғанымен, күрес жағынан әлсіз екенін айтты. Оның пікірінше, Махачев қарсыласын жерге алып түсіріп, жекпе-жекте басымдыққа ие бола алады.
Айта кетелік, 15 тамыз күні UFC 330 турнирінде Ислам Махачев Иэн Мачадо Гэрриге қарсы алғашқы титулдық қорғанысын өткізеді.
Илия Топурия бүгінгі жеңілісінен кейін ауруханаға жеткізілді
UFC: Джасти Гэтжи – жеңіл салмақтың жаңа чемпионы
Қазақстандық спортшы өзбек файтерінен төрешілер шешімімен жеңіліп қалды
Абай Жалал OCTAGON 87 турнирінде бразилиялық файтерді жеңді