Дияр Нұрғожай тамызда октагонға оралады
Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жерлесіміз келесі жекпе-жегін 8 тамызда Лас-Вегас қаласындағы (АҚШ) UFC Vegas 120 турнирінде өткізеді.
Аталған кеште Нұрғожай бразилиялық Бруно Лопеспен (14-3) кездеседі.
Айта кетейік, Дияр Нұрғожай 7 наурыздағы UFC 326 турнирінде бразилиялық Рафаэль Тобиасты төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Ал бразилиялық файтер кейінгі жекпе-жегін 2026 жылы 28 наурызда өткізген, онда Лопес жаңа зеландиялық Навахо Стирлингтен екінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді.
Эмеев: Иэн Гэрридің бойы ұзын болғанымен, күрес жағынан әлсіз
Қазақстандық спортшы өзбек файтерінен төрешілер шешімімен жеңіліп қалды
Абай Жалал OCTAGON 87 турнирінде бразилиялық файтерді жеңді